Сондай-ақ 80 шақырым жерде сұлап жатқан өлекселерді мамандар санап шығып кешегі ақпаратты жоққа шығарды. Жүріп өткен жерде 3 мың емес, әзірге 493 ақбөкеннің денесі табылыпты. Бұлар осы жерден бір апта ішінде жүріп өткен жеті мыңға тарта киіктің көшінен құлап түскендері екен. Қазір осы аумақта ондаған техника мен 70-ке тарта адам жұмыла жұмыс істеп жатыр. Олар денелерді алдымен өртеп кейін, терең орларға көмеді. Содан соң СЭС мамандары сол маңды дезинфекциялайды. Құрамында ветеринары мен аңшылық шарушылығы қызметтері және құзырлы орын өкілдері бар комиссия да іске кіріскен. Мамандар дала кербездері етінен пастереллез ауруының нышаны байқалады дейді.
Бақытбек Дүйсекеев, ҚР Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің басқарма бастығы:
- Адамдарға қауіпті емес депа айтуға болмайды ғой. Біз де тірі жанбыз, олар да тірі жан. Барлығысы зиянды деп... нақты жануарлардан пастереллезбен кісі ауырды деген менде дерек жок.