-Бұндай министрлік болмаса, мүмкін ауыл шаруашылығы, жануарлар жақсы сақталар ма еді?...
Киелі жануарлардың өліміне күйінген қаламгерлер бұған «шегірткенің уы себепші» деген сылтауға сеніп отырған жоқ. Айтуларынша, министрлік о бастан өз міндетін атқармаған. Қолда қалған киіктердің популяциясына зерттеу жұмыстарын жүргізбепті. Жиі құлайтын Ресей зымырандары, тонналап төгілген улы қалдықтар да Бетбақдала экологиясын одан бетер аздырып жіберген. Бас прокуратураға осыларды тізіп хат жолдаған жазушылар өлген әрбір киік үшін түсініктеме берілсін деп талап қойды.
Марат Тоқашбаев, журналист:
-Бұл ел алдымен олардың қырылуына антропогендік себеп болып жатқандығын көрсетеді. Яғни бұл адамның қолымен жасалып отырған апат деп ойлаймыз! Сондықтан, осының түп-төркініне жету керек! Оның әрі қарайғы қайталануына жол берілмеу керек деп есептейміз!
Loading...