Киімін этикеткасымен бірге студияға киіп шыққан Аша Матай ұятқа қалды (ВИДЕО)

Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды. 

Бұл сәтті бағдарламаның көрермені видеоға түсіріп үлгерген. «"Қалаулым" бағдарламасына Аша Матай дүкендегі киімдерді затбелгісімен киіп келеді екен ғой. Сосын кері өткізеді екен. Қараңыздар», - дейді оқырман.

Айта кетейік, қызыл көйлекпен ортада шыр көбелек билеп жүрген тележүргізушінің оқыс қимылынан киімнің алынбаған затбелгісі сыртқа шығып кетеді. Артынша Аша Матай оны қайта жасырып үлгерген. Дегенмен, көзі қырағы көрермен осы сәтті видеоға түсіріп үлгеріпті.