Кикушинкайкан каратэден ТМД елдерінің ең үздік спортшылары Астанаға жиналады

«Дәулет» спорт сарайында болатын бұл жарыста спортшылар жас ерекшелігіне қарай 8 топқа бөлініп өзара сайысқа түспек. Атап айтқанда 10-11 жастағы (30, 35, 40, +40), 12-13 жастағы (35, 40, 50, +50), 14-15 жастағы (45, 50, 55, +55), 16-17 жастағы (55, 60, 65, +65) және 18 жастан жоғарғы ерлер (60, 70, 80, 80) 4 салмақ дәрежелері бойынша сайысқа түседі. Ал 14-15 жастағы (50, +50), 16-17 жастағы (55, +55) және 18 жастан жоғары қыздар (60, +60) екі салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Кубокпен, медальмен және дипломмен марапатталады. Сондай-ақ ерекше көзге түскен спортшыларға «Үздік техникасы» мен «Самұрайлық рухы үшін» арнайы жүлделері беріледі.