Кімдер халық санағына кірмейді?

Комитет төрағасының айтуынша, шетелге жұмыспен, оқумен бір жылдан астам уақытқа кеткен азаматтар халық санағы кезінде есепке алынбайды.

Бұл тұлғаларға Қазақстаннан шетелге білім алуға, жұмыс істеуге бір жылдан астам уақытқа кеткен азаматтардың категориясы жатады. Тек "Болашақ" мемлекеттік бағдарламасымен кеткен Қазақстан азаматтарына бұл ереже келмейді, - деді Статистика комитетінің төрағасы.

Яғни, "Болашақпен" оқып жүрген қазақстандықтар халық санағына кіретін болады.

Сонымен қатар, Қазақстан территориясында жұмыс істеп жүрген шет мемлекеттердің азаматтары да бұл санаққа қатыспайды.

Бұған дейін, 
Қазақстанда үшінші халық санағы екі кезеңнен тұрады: дайындық кезеңі – 2020 жылдың 1-30 маусым аралығы, негізгі кезеңі – 2020 жылдың 1-30 қазан аралығында өтетінін бұған дейін хабарладық

Сонымен қатар, биылғы санаққа 8,2 млрд теңге бөлінгенін жаздық. Бұл қаржы планшет, компьютер, мойынорағыш пен портфель, көлік алуға, штаттан тыс қызметкерлердің ақысын өтеуге жұмсалады.