«Кимеген, есеп үшін сақтап қойған»: Белгілі журналист «Семей орманы» резерватына қатысты тағы бір былықты әшкереледі


Танымал журналист Ақбөпе Тәңірберген орман қызметкерлерінің тозған аяқ киімін көрсетіп, Үкімет мүшелерін халықтан иіліп тұрып, кешірім сұрауын талап етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ойын ол желідегі парақшасында жазған.

«Суретте “Семей Орманы” қызметкерлерінің 2004 жылы алған керзі етігі. (Киіп жүрген жоқ. Есеп үшін сақтап қойған) Жанындағы резеңке етік - жаңа. 2018 жылы берген. Одан кейін арнайы киім берілмеген. Бұл өртеніп кеткен 14 адам жұмыс істеген - Успенка орман шаруашылығында түсірілген сурет.Меніңше, үкімет министрлерді тізіп қойып халыққа басын иіп тұрып рахмет айтуы керек.
Әр былықтан шығаратын халық. Каспидегі соңғы теңгесіне дейін жинап бергендер бар.

Бірақ олар халық “масыл” деп айтудан жалыққан емес. Сынған техникаға - сайман, өрт сөндіріп жүргендерге - керзі етік, тамақпен қамтыған - халық. Ұйымдастырған - волонтерлер. Сосын әлгі 4 шенеунікпен қоса бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешевтен де жауап алынуы керек», - деп жазды ол.