"Кіммен дуэт айтсам сонымен қоса салады" Айгерім Мамыроваға 20 сұрақ

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

- Айгерім деп есіміңізді кім қойды?

- Атам қойған.

- Отбасыңда неше ағайынсыздар?

- Екеу, меннен үлкен ағам бар 1990 жылғы. Қазір жеңешем бар.

- Ең алғашқы табысыңыз?

- 100 доллар тойда тапқанмын.

- Сүйікті мейрамың?

- Сегізінші наурыз, бірінші мамыр.

- Сүйікті қалаңыз?

- Алматы, Ақтөбе соңғы кездері Ақтау ұнап жүр.

- Неден қорқасыз?

- Қараңғылықтан. Барлық мағынада да.

- Көбіне не нәрсеге ашуланасыз?

- Әділетсіздікке шығар.

- Мотивацияны қайдан аласыз?

- Алдынғы буын аға-әпкелерімізден.

- Сүйікті тағамыңыз?

- Тамақты талғамаймын бірақ теңіз тағамдарын жей алмаймын, балық жемеймін.

- Тағамның барлық түрін жасай аласыз ба?

- Шынымды айтсам тек палау жасай алмайды екенмін. Қалған тағамның бәрін жасай беремін.

- Ауыл немесе қала?

- Ауыл.

- Бәрін тастап ауылға көшуге қалай қарайсыз?

- Қазір-ақ кетуге дайынмын. 

-
Әнші болмағанда қандай мамандық иесі болар едіңіз?

- Өзімнің оқыған мамандығым негізі ағылшын тілі яғни аудармашы шығар.

 - Өзіңіз жайлы есіткен жағымсыз пікір?

- Көп. Өте көп. Ер азаматтармен дуэт жазған сайын, кіммен дуэт жазсам соған қосып қоя береді. Соның екінші әйелі немесе жүреді деп. Тіпті Нұрболат Абдуллинмен әлі күнге дейін қосады ғой, сіздер әдемі жұпсыздар деп.

- Өнерде ұнатпайтын адамыңыз бар ма?

- Жоқ бәрін сыйлаймын, құрметтеймін. Әркімнің жүріп өткен жолы бар, еңбегі бар.

- Өнерде үлгі тұтатын бір адамыңыз?

- Бейбіт Сейдуалиева.

- Соңғы тыңдаған әніңіз?

- Юлдуз Усмонова "Хаста булма" 

- Қай әлеуметтік желіні белсенді қолданасыз?

- Инстаграм, WhatsApp шығар.

- Соңғы шыққан бейнебаяныңыз және әніңіз?!

- "Тағдыр кінәлі" деген әнім бейнебаянымен.

- Басыңыз бос па?!

- Жасырын бола берсін.