Kinder сюрпризден героин шықты


«17 мамыр күні Рудный қаласында есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен «Арлан» арнайы жасағымен бірлесіп, 59 жастағы ер адамды ұстады», - деп жазылған ІІД-нің хабарламасында. 

Күдіктінің үйіндегі бақшасын текеру кезінде шие бұтасының артына жасырынған Kinder Surprise-дің пластмасса контейнері табылды. Оның ішінен ақшыл түсті төрт полимерге оралған зат табылған. 

«Жүргізілген химиялық сараптамаға сәйкес, табылған зат героин болып шықты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 20 грамды құрады», - деп көрсетілген хабарламада. Қазір тергеу жүргізілуде, ұсталған адам жауап беруден бас тартып отыр. 

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК 259-бабының 2-1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.