Киноөндірісін бірнеше мемлекеттік ведомствоның күшін біріктіргенде ғана, қарқынды дамытуға болады

Бұл туралы бүгін «Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық мәдени мұрасы» атты дөңгелек үстел отырысында журналистердің сауалдарына жауап берген акционерлік қоғам президентінің Авторлық құқықтар жөніндегі кеңесшісі Темірлан Төлегенов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, бұл мемлекеттің кешенді қолдауының арқасында мүмкін болып отырған жәйт. «Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, қазақстандық фильмдерді көруге келетін адамдар саны ресейлік немесе американдық фильмдерді көруге келетін азаматтар санынан әлдеқайда артық. Ал қазақтілді фильмдерге келетін болсақ, олар қашанда көпшіліктің сұранысына ие болатын болады. Өйткені ол - біздің ана тіліміз, оған деген сұраныс жоғары. Бұл ретте мәселе фильмдерді қазақ тіліне қалай аудару керек дегенге келіп тіреліп тұр», деді кеңесші.

Сонымен қатар ол сөзінде кино және мәдениеттің өзге де салалары біздің ұлттық құндылықтарымыздың насихаттайтын қуатты құрал екендігін атап көрсетті. Сондықтан мемлекет бұл мәселені жіті назарда ұстауы қажет. Бұл ретте айта кететін мәселе, біз айтып отырған міндеттерді жүзеге асыруға жалғыз ғана Мәдениет министрлігінің күші жетпейді. Оған Білім және ғылым, Әділет министрлігі мен өзге де бірқатар мемлекеттік ведомстволардың күшін жұмылдыратын кешенді бағдарлама қажет. Сонымен қатар авторлық құқықтардың қорғалуы да маңызды», деп атап көрсетті Т.Төлегенов.