«Кинотаврдың» басты жүлдесінің иегері белгілі болды

Бас жүлдеге Александр Коттың «Сынақ» фильмі ие болды. Режиссер марапатты қазылар алқасының төрағасы Андрей Звягинцевтің қолынан алды. Александр қуаныштан өз-өзіне әрең келіп, алғысын білдірді.

Сондай-ақ жеңімпаздардың толық тізімін ұсынамыз:   

Үздік фильм - «Сынақ» (Александр Котт)

Үздік режиссер - Анна Меликян, «Жұлдыз» фильмі

Үздік сценарий - Юрий Быковтың «Ақымақ» фильмі

Үздік ер адам рөлі - Алексей Филимонов, «Тағы бір жыл» фильмі

Үздік әйел рөлі - Северия Янушаускайте, «Жұлдыз» фильмі

Кинодағы үздік дебют
- режиссер Иван И. Твердовский, «Түзету сыныбы»

Үздік оператор - Леван Капанадзе, «Сынақ» фильмі

Үздік музыка үшін Таривердиев атындағы жүлде -  «Қош бол, мама» фильмі

Жеңіл қабылданатын және көркемдік тұтастығы үшін диплом - «Мені қалай атайды» фильмі

Кинопрокатшылар қазылар алқасының жүлдесі -«Түзету сыныбы» фильмі

Киносыншылар гильдиясының дипломы- «Ақымақ» фильмі.