Кинотеатрда кассир қызды ішінен тепкен Астана тұрғынына қатысты сот алдындағы тергеу амалдары басталды

деп хабарлайды Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Азамат Қ. болмашы себеппен жәбірленушіге қатысты бұзақылық жасап, оған дене жарақаттарын салды. Күдікті Төрекелдиев ҚПК-нің 128-бабының бойынша ұсталып, Астана қалалық ІІД УҰА-ға қамалды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бейнебақылау камерасына түсіп қалған кинотеатрға келушілердің бірі кассир қыздың ішінен тепкен сәті ғаламторға жарияланған. Бұл бейнежазба әлеуметтік желі пайдаланушыларын дүрліктірген болатын.