Кипр ұшақты айдап әкеткен адамды Мысырға экстрадициялауға келісті

Александриядан Каирге MS181 рейсін жасаған А320 ұшағы 29 наурызда аспанға көтерілгеннен кейін ақ оны аталған күдікті басып алып, кейін Ларнакқа қондырған.

Жолаушылар ұшақтан аман шықты, ал жалған жанкешті белбеуін киген адамды арнайы қызмет өкілдері ұстады.

Кей деректерге қарағанда, 58 жастағы Мұстафа өз қылығына есеп бермеген. Кипр полициясы ол кінәсін мойындағанын мәлімдеді.