Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қазақ болсаң жадыңа сақта!
Алматыда өткелі жатқан Филипп Киркоровтың ән кешіне 80 мыңға билет алып баратын болсаңыз, сіз Ресей үшін қаражат шығарып, Ресейдің Украина жеріне жасаған агрессорлық әрекетіне қаржы салғаныңыз болады. Филипп Киркоровқа түскен ақша Ресейдің мүддесіне, Ресейдің басқыншылық саясатына жұмсалады. Адами тұрғыдан ойланыңыз. Сіз онсыз да қатты қиналған Украина жұртына жығылғанның үстіне жұдырық қойып отырсыз.
Соңғы ақпарат бойынша 3000 билеттің бәрі өтіп кетті деп жатыр.
3 000×80 000=240 000 000т", - деп жазды ол.