Кирсан Илюмжинов Астанада жас шахматшылармен кездесті


Сапар аясында қонақ Х. С. Омаров атындағы шахмат клубы оқушыларымен кездесті. Қалалық шахмат клубы 1977 жылы құрылған, қазірде клубта 400-ден астам оқушы бар, мұнда көптеген дарынды шахматшылар тәрбиеленген.

Еске сала кетсек, Кирсан Илюмжинов Фиде президенті болып қайта сайланды. Нақтырақ айтқанда, 1 тамызда норвегиялық Тромсёде халықаралық шахмат федерациясы бас ассамблеясының отырысында Кирсан Илюмжинов таяу төрт жылға ұйым президенті болып қайта сайланды. Кирсан Николаевичтің бас қарсыласы шахмат бойынша 13 дүркін әлем чемпионы Хоравтия мен Бутан Королдігі атынан шыққан Гарри Каспаров болды.