Кіші Чавеске Головкинмен жекпе-жек өткізу үшін 7 миллион доллар ұсынған

Мұндай шарттарды Хулио Сезар кіші Чавеске Top Rank промоутерлік компаниясы қойған. Дегенмен көктемде Головкинмен кездесу өткізесің деген талап келгенде олардың арасында дау шығып, бұл жекпе-жек болмай қалды. Атап айтқанда, боксшыға мынадай талап қойылған: Головкинмен кездесу өткізіп, 7 миллион аласың және Top Rank компаниясында қаласың немесе Головкинмен кездесуден соң екі миллион доллар алып, Top Rank компаниясынан келісімшарт үзесің. Алайда боксшыға бұл ұнамаса керек. Көп ойланбастан ол Эл Хэймонмен келісім жасасып, Top Rank-тан кететіндігін мәлімдеді.

Дегенмен компания басшысы Боб Арум боксшыдан жайдан-жай айырылғысы келген жоқ. Компания Хулио Сезар кіші Чавес олардың қанатының астында тағы бір кездесу өткізуі міндетті деп талап етті. Боксшы болса, ешкімге де міндетті еместігін айтумен болды және 18 сәуірге Анджей Фонварамен жекпе-жек өткізу жөнінде келісімге қол қойып үлгерген. Бұны білген Боб Арум боксшыны сотқа беретіндігін хабарлады. Бірақ көп ұзамай тараптар мәселені бейбіт жолмен шешті.

«Дау аяқталды, екі тарап қанағаттандырылды, себебі барлығы өте жақсы аяқталды», - деп атап өтті Б.Арум.


Енді мексикалық боксшының Эл Хэймонның промоутерлік компаниясындағы алғашқы жекпе-жегі 18 сәуірде Анджей Фонфараға қарсы өтеді.

Еске сала кетейік, кіші Чавес соңғы кездесуін  2014 жылы наурызда Брайан Веруге қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын.