Кіші және Үлкен Алматы өзендерінде қар көшкіні жүруі мүмкін

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Көшкін қаупі аймағына адамдардың жүруін шектеу мақсатында: Алматы қаласы - Космостанция автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары және Шымбұлақ - Тұйықсу мұздығы автожолындағы Эдельвейс көшкін жинау ауданында блок-бекеттер қойылған. 

«Көшкін қаупі кезеңінің басынан жолдардың алдын ала жабық учаскелері мен адамдар өтпейтін аумақтарда жалпы көлемі 740 мыңнан астам текше метрден асатын 136-дан астам қар көшкіні өздігінен жүрді. Сонымен бірге, қар көшкінін профилактикалық түсіру жүргізілді, жарылғыш әдіспен 9 200 текше метрден астам қар массасы түсірілді. Зардап шеккендер болған жоқ. Қар көшкіні адам жүрмейтін жерлерде жүріп, қардың басым бөлігі таулардың баурайында тоқтады», - деп хабарлады қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі

Алматы қаласы ТЖД мен Полиция департаментінің, «Қазселденқорғау» қызметкерлері блок-бекеттер қою арқылы халықтың жүруін шектеу шаралары қабылданды.

Сондай-ақ ТЖД мен «Қазселденқорғау» мекемесі алматылықтарға, туристерге және қала қонақтарына алдағы күндері тауға шықпауға кеңес берді.

Еске салсақ, Кіші Алматы өзенінде өздігінен көшкіні жүрген еді.