Жасы жиырмадан асқан жігіт туған анасынан бас тартты. Оған бала кезден іште сақталып қалған ашу мен кек себеп болса керек, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Өзбекстанда екі қызымен тұратын анасынан жеруіне бала кездегі оқиға түрткі болып отыр. Себебі, кішкентай кезінде бұзық болған үшін өз әкесі балалар үйіне өткізіп жіберген көрінеді. Оған анасының да қатысы бар ма, жоқ па белгісіз. Сол уақыттан бері әке-шешесін көрмеген жігіттің уақыт өте анасымен қайта жолығуына «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Қарекет» бағдарламасы тілшілері мүмкіндік жасады. Әйтседе, өзіне өмір сыйлаған шешесін мойындағысы да келмеген жас жігіт бойындағы ашуын баса алмады, көз жасын да тия алмады. Өкінішке қарай, баласы мен анасын табыстыруға тырысқан тілшілердің әрекеті сәтсіз аяқталды.