Бұл туралы Sn.kz жазады.
"Кішкентай нәрестені ұрып жатқан әйелдің кім екені анықталды. Оны ұстау жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Аталған жайт бойынша сол күні, яғни 11 қарашада Алматы қалалық ІІД қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті", - дейді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.
Естеріңізге салайық, емшектегі баланы шапалақпен ұрған әйел туралы видео әлеуметтік желілерде 11 қараша күні тарады. Бейнероликті таратқан азамат тасжүрек әйелдің аты-жөнін Құрманбаева Айгүл Қожабаевна деп көрсеткен. Ал, шақалақтың есімі - Айару. Әзірге, бұл ақпараттың рас-өтіргі белгісіз. Полицейлер күдіктінің аты-жөнін әзірге құпия ұстауды шешіпті.