«Кішкентайдан» үлкен үміт күтеміз - VIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің іріктеу комиссиясының мүшелері


Оны кинофестивальдің іріктеу комиссиясының мүшелері бүгін Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында өткен баспасөз мәслихатында айтты. «Конурстық бағдарламаға енген шығармалардың ең танымалы Томас Винтербергтің «Аңшылық» фильмі. Биыл шыққан бұл фильм Канн кинофестивалінде «Ең үздік ер адам рөлі» аталымы бойынша марапатталған болатын. Картина өте қызықты. Режиссер өзі көтеретін мәселесін еш қорқынышсыз ешқандай қиындықтан қорықпай тіке қояды. Биыл жаңадан шыққан «Кішкентай» маған режиссердің шеберлігімен ұнады. Ол сөзге деген сұлулықты актерлік ойынға деген нәзік және мінсіз көрсеткен», дейді кинорежиссер Дамир Манабай. Оның бұл пікіріне қосылған әріптесі Нариман Төребай: «Маған қазақстандық 2 фильм де бірдей ұнайды. Оларды бір-бірінен бөле-жарып айтқым келмейді. «Кішкентай» жақсы әсер қалдырды. Қайырымды, ақылды туынды. Ал Дәріжан Өмірбаевтың «Студент» фильмі стильге толы киномотографиялық әрекеттегі шығарма», - дегенді айтты.