Кісі өлімі үшін өтелген құн туыстарды қырық пышақ қылды

Биыл көктемде түсірілген мына кадрларда Рахметовтар отбасы 27 жастағы ұлы Русланды ақырғы сапарға шығарып салып жатыр.  Оны көлікке мас күйінде отырғанМамлют аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Айдос Қаңтаев қағып мерт қылған еді. Өлген жігіттің  артында алты жасар қызы мен бірге енді толған  ұлы қалды.  Балалар осы уақытқа дейін әкесін іздейді екен.

Айдос Қаңтаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанымен, сот оны тек үш жылға көлік айдау құқынан айырумен ғана шектелді.  Мұндай жеңіл жазаға жәбірленуші жақтың кешірімі себеп болыпты. Марқұмның туыстарына ол құны 3 миллион тұратын пәтер әперіп, сосын жерлеуге деп 200 мың теңге берген. Алайда баспана да, ақша да  марқұмның жесіріне емес, оның  енесіне бұйырған.   

Анар Рахметова,  марқұмның  жесірі:

-Баласының қайтқаны жақсы болып тұр. Қайта оған квратира берді,өзі жағдайын дұрыстады. Баласын үйлендіріп, той жасайын деп жатыр. менің күйеуім қайтпай тұрып жылы болмай жатып  той жасағалы жатыр. Масқара.

Қазір  Анар екі баласымен Петропавл қаласынан мына бір бөлмелі пәтерді жалға алып тұрып жатыр екен. Жесір келіншектің бар табысы балаларына деп алатын 20 мың теңге жәрдемақы ғана.  Қалған шығынын туыстары көтеріп отыр. «Маған түк тимеді» деген келіншек тәртіп сақшысынан тағы ақша алмақшы.  


Анар Рахметова, марқұмның жесірі: 

-Қаңтаевты сотқа бердім. Көреміз отырғызса отырғызсын. Ал егер де маған көмек бере алса, мен одан бас тартпаймын. 

Анардың енесінің де өз уәжі бар. Айтуынша, баласы мен келіні жиі араздасып тұрған екен. Сол жолы  да ұлымның үйден кетіп, көліктің астына түсуіне кезекті ұрыс-керіс себеп болды дейді.

Алла Қалдаманова, марқұмның анасы:

-Мен оған пәтерге келіп тұра бер дедім. Немерелерімнің  көз алдымда өскенін қаладым. Ал ол баспананы сатып,  қалаға кетпек болды. Сосын мен де жыным ұстап , оны пәтерге  кіргізбей қойдым. Қазір ол үйде кіші ұлым тұрып жатыр.

Осылайша ене мен келін кісі өлімі үшін берілген құнды бөлісе алмауда. Бір-біріне айтар сөздері таусылған туыстар енді СМС арқылы ұрсысатын болыпты.