Баспасөз орталығының ақпараты бойынша, РФ Саратов облысының Балдашов қаласында, РФ ОІІБ криминалдық милиция қызметкерлері және Қарағанды облыстық ІІД криминалдық полициясының қызметкерлері биылғы жылдың ақпан айында "Тайбағаров" кәсіпорынында күзетшіні өлтіргені үшін іздеуде жүрген 25 жастағы Қарағанды тұрғыны мен Оңтүстік Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғынын қолға түсірді.
Баспасөз орталығында хабарлағанындай, РФ Ингушетия Республикасының Назрань қаласының, Назрань АІІД криминалдық милициясы және ОҚО ІІД криминалдық полициясымен бірлесе отырып, әпкесін өлтіргені үшін іздеуде жүрген 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын Назрань қаласында ұсталды.
Бүгінде Минск конвенциясына сәйкес, құрықталған үш күдіктіні Қазақстанға жеткізу мәселесі шешіліп жатыр, деп хабарлады ҚР ІІМ ақпарат және қоғамдық байланыс орталығы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті