Кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген Германия азаматы Қазақстанда ұсталды

С.Күсетовтың хабарлауынша, 23 жастағы Иван Гельхорнға Германия қылмыстық полициясының Орталық Азиядағы федералдық мекемесі өкілдігінің өтініші бойынша Қазақстан аумағында іздеу жариялаған. Шұғыл ақпарат бойынша, Швейнфурт қаласында қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған күдікті Жамбыл облысы Қордай ауданында тұратын туыстарының үйінде жасырынып жатқан.

С.Күсетовтың айтуынша, тұтқын істеген қылмысын мойындады.
Сондай-ақ, ҚР ІІМ-нің қылмыстық полициясы департаменті Әзербайжан ІІМ-імен бірлесе отырып 2005-жылғы 1-ақпанда Сумгаит қаласында жүзеге асырылған шұғыл-іздестіру шарасының нәтижесінде Қазақстан азаматы Рамин Велиев пен Әзербайжан азаматы Али Сараф оглу Исмаиловтар ұсталды. Бұлар 2004-жылғы қараша айында Астана тұрғынын өлтірген күдікті ретінде танылып отыр. Қазір Р.Велиевті Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешілуде.