Көрме оқырмандарды егемен еліміз тарихымен кеңінен таныстыру, жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті арттыру мақсатын көздеді. Ол үш бөлімнен құралды. Бірінші бөлімінде ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның даму кезеңдері туралы сыр шертіледі. Онда Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы», «Тарих толқынында», «Бейбітшілік кіндігі» атты кітаптарымен қатар ҚР Конституциясы, «Жеті жарғы», «Тарихи тұлғалар», «Қазақстан мемлекеттілігінің кезеңі» атты бірқатар кітаптар орын алған. Екінші бөлім «Желтоқсан - сана серпілісі» деп аталады. Бұл тарауда Желтоқсан оқиғасы туралы жазылған еңбектер мен мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар бар. Соңғы бөлім «Қазақстан Республикасы - тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» деген атаумене тәуелсіз еліміздің даму жолдары мен алдағы мақсат-міндеттерін баяндайтын әдебиеттерге жол ашқан.