Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әлеуметтік желіде :"Байыңыз түрмеде сізге бәрібір ма", "Күйеуіңізді уайымдамаймсыз ба?", "Күйеуіңіз қамауда жатса, сіз қайдағыны қиялдап", деп актрисаны оқырмандар сынға алған.
Шыдамы жеткен Әбдікәрімова:
-Бұдан ратық үндемеуге болмады. Ешқашан жеке мәселені инстаграмда талқылаған емес едім. Сіздердің жазғандарыңызды балалар оқып жатыр. Бұл оқиғада менің бар фокусым - балалармда. Қыздар - жасөспірім шақта. Ұлдар - намысшыл. Ата-анасы өнер адамдары болғаны үшін, олар неге қиындық көруі керек? Заң алдында Қазақстанның барлық азаматы бірдей. Ол азаматтығын көрсетті. Қателескенін ескеріп, жауап беруге дайын екенін дәлелдеді. Балаларға түсіндіруге тырыстық. Енді сіздер де доғарыңыздар. Балаларға ауыр тиіп жатыр, деп жазды.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас ұшақ бортында шу шығарып, қамауға алынған болатын.