КХДР қорғаныс министрі өлім жазасына кесіліп, зеңбірекпен атылды


Ол елдің көшбасшысы Ким Чен Ынның қатысуымен өткен әскери шара кезінде ұйықтап қалғаны үшін айыпталды, деп ақпараттандырды Корея Республикасы ұлттық парламентінің депутаттары үшін өткен брифингте барлау өкілі.

Министр шұғыл қызметінен босатылып, опасыздық жасағаны үшін айыпталды, деп хабарлайды КР барлау өкілінің сөздерін келтірген Ренхап ақпараттық агенттігі. Оның мәлімдеуінше, Хён Ён Чхоль  зеңбірекпен атылған.