КХДР-ден шыққан қашқындар БҰҰ-ға өз отанындағы азаптаулар туралы айтып берді

Қашқындардың бірі Шин Тон Юк тігін машинасын құлатып алғаны үшін оның саусағын кесіп тастағанын мәлім етті. Ал Чи Хен А анасын өз баласын өлтіруге мәжбүрлегенін айтып берді.

Комиссия құрамына кірген БҰҰ-ның үш комиссары қазірде Оңтүстік Корея мен Жапонияға қашып барған бірнеше ондаған куәгерлерден деректер алмақшы.

Пхеньян комиссияны мойындамайды және оларды КХДР аумағына кіргізбей отыр.