ҚР Үкіметі Денсаулық сақтау саласындағы қосылған құн салығынан босатудың кейбір мәселелері туралы 2025 жылғы 31 желтоқсандағы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, белгіленді:
Өткізу бойынша айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын медициналық қызметтер тізбесіне:
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтер:
- радиоизотоптық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық диагностика;
- зертханалық диагностика (бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер; жалпы клиникалық, серологиялық, цитологиялық зерттеулер);
- гистология;
- зертханалық генетика;
- анестезиология және реаниматология;
- акушерлік іс;
- акушерлік және гинекология (қосалқы репродуктивтік технологияларды және жүктілікті жасанды үзуді пайдалануды қоспағанда);
- акушерлік және гинекология (қосалқы репродуктивтік технологияларды және жүктілікті жасанды үзуді пайдалану);
- акушерлік және гинекология (жүктілікті жасанды үзуді пайдалану);
- аллергология және иммунология;
- ангиохирургия;
- авиация және ғарыш медицинасы;
- вакцина алу (профилактикалық егулерді жүргізу);
- гастроэнтерология;
- гематология;
-гериатрия;
- клиникалық диетология;
- дерматовенерология;
- инфекциялық аурулар;
- кардиология;
- кардиохирургия;
- клиникалық фармакология;
- сәуле терапиясы;
- медициналық генетика;
- төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасы;
- медициналық-әлеуметтік көмек;
- физикалық медицина және медициналық оңалту (физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру, курортология);
- наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;
- кезек күттірмейтін медицина;
- неонатология;
- неврология;
- нефрология;
- нейрохирургия;
- оториноларингология;
- офтальмология;
- ортодонтия;
- остеопатия;
- жалпы дәрігерлік практика;
- жалпы хирургия: торакалдық, абдоминалдық, колопроктология, жақ-бет сүйегі;
- онкология және гематология;
- радиациялық онкология;
- патологиялық анатомия;
- кәсіптік патология;
- педиатрия;
- пульмонология;
- пластикалық хирургия (балаларда туа біткен ақаулар кезінде);
- психиатрия;
- стоматология (терапиялық, хирургиялық, ортодонтиялық);
- мейіргер ісі;
- травматология‑ортопедия;
амбулаториялық жағдайлардағы мына мамандықтар бойынша мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде;
ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша стационарлық көмек және (немесе) стационарды алмастыратын көмек, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде:
Сонымен қатар:
Қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.