Кличко белдіктеріне қауіп төнді

Дэвид Хэй (26-2, 24 КО) Виталий Кличкодан ықтимал күрес жөніндегі жауапты күте-күте шаршады.

Хэй рингке 6 шілдеде шығуды жоспарлап отыр, бірақ оның қарсыласының есімі әлі белгісіз, деп хабарлады Daily Mail.

Британдықтың басты мақсаты - Виталий мен Владимир Кличколардың титулдарының біріне міндетті түрде үміткер мәртебесін жеңіспен алу болып отыр.