100 мыңға жуық жаһан халқы жер шарының 2000 мыңға жуық қаласында акция ұйымдастырып, көшерелерде жүріп өтті, деп хабарлады ВВС.
Нью-Йорк қаласында 300 мыңның үстінде халық маршқа қатысты. Олардың қатарында БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун және бірнеше күн бұрын ғана БҰҰ климат мәселелері жөніндегі әлем елшісі болған Голливуд жұлдызы Леонардо Ди Каприо бар.
Сейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының аясында климаттың өзгеруі жөніндегі біркүндік саммит өтеді, оған 125 елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысады. Бұл 2009 жылы сәтсіз аяқталған копенгагендік конференциядан кейін жоғары деңгейде өтетін алғашқы конференция болмақ.