CNN компаниясына белгілі болғандай, сейсенбі күні кешке ол өзінің қарсыласы - Вермонт штатының атынан шыққан Берни Сандерске телефон шалып, оны жеңісімен құттықтады.
Нью-Гэмпширде толтырылған бюллетеньдердің 22 пайызы саналған соң, Сандерстің дауыс беруші демократтардың 58 пайызын, ал Клинтон - небәрі 40 пайызын жинаған. Бұл барлық американдық сарапшыларға өзін «демократиялық социалист» деп санайтын, соңғы айларда көптеген американдықтардың, соның ішінде ел жастарының сүйіспеншілігіне бөленген 74 жастағы сенатордың жеңісін сеніммен болжауға мүмкіндік берді.