ҚМА қызметкері Қайсар Хамзаны Вьетнамнан алып бара жатқан сәті суретке түсіп қалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Қайсар Қамза Pin-Up брендімен байланысты жабық Telegram-арна арқылы заңсыз онлайн-казиноны насихаттауға қатысы бар деген күдікке ілінген. Арна пайдаланушылары Қазақстанда тыйым салынған құмар ойын сайттарына бағытталып отырған.

Тергеу басталғаннан кейін блогер елден кетіп қалған. 2026 жылдың сәуір айында ол Бас прокуратураның сұрауы бойынша Вьетнамда ұсталған.

Осы қылмыстық іс бойынша халықаралық іздеуге тағы бірнеше күдікті жарияланған. Тергеу олардың заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға және оны блогерлер мен танымал тұлғалар арқылы жарнамалауға қатысы болуы мүмкін деп санайды.