Мемлекет басшысының өкімімен тағайындалған жаңа басқарма төрағасы - Астана әкімі Әділбек Жақсыбековты таныстырды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен.
Әділбек Жақсыбеков 1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы Қарабалық ауданының Бөрілі ауылында туған.
1996 жылдан бастап 2004 жылға дейін Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары, Астана әкімі, индустрия және сауда министрі қызметін атқарған.
2004-2008 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы. 2008-2009 жылдары Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. 2009 жылы Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болып тағайындалды. 2014 жылы қазанда Елбасының Жарлығымен Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.