КО елдерінде кейбір жолбағыттарда ұшақ билеттері пойыздан арзанырақ болып шықты

Еске сала кетейік, Таразда ЕЭК отырысында теміржол және авиациялық тасымалдардағы тауарлы нарықтардың тең бәсекелестік жағдайлары да талқыланды. Н.Алдабергенов БЭК шегінде авиажолбағыттарындағы тарифтер бәсекелестігнің жоғары және төмен деңгейіне мониторинг нәтижелерін әңгімеледі, сондай-ақ БЭК елдеріндегі теміржол және әуе көлігімен жолаушылар тасымалының бағасын салыстырды.

Айталық, «Трансаэро» авиакомпаниясында Мәскеу-Астана (2290 км) ж»не Мәскеу-Қарағанды (2478 км) рейстерінде баға айырмашылығы екі еседен көп - 61,7 мың теңге және 23,07 мың теңге. «Аэрофлот» компаниясы Мәскеу-Қарағанды рейсіне 31,9 мың теңге тариф белгілеген.

Қазақстан мен Ресейдің ішкі желілеріндегі авиабилеттерге тарифтерді салыстырсақ, қазақстандық авиабилеттер едәуір жоғары екені көрінеді. Мысалға, «СКАТ» компаниясының Алматы-Тараз (470 км) авиарейсінің бағасы 17,49 мың теңге. Мәскеу мен Нижний Новгород арасындағы шамамен осындай қашықтыққа ресейлік жолаушылар 11,6-дан 16,7 мың теңгеге дейін төлейді. Айырмашылығы 33 пайызға дейін жетеді.

 «БЭК аумағындағы теміржол және әуе көлігі жолаушыларын  тасымалдау бағасын салыстыру Қазақстан, Ресей және Беларусь астаналары арасындағы авиабилеттерді алдын ала сатып алғанда бағасы бірдей екенін көрсетті. Ал кейбір жолбағыттарда тіпті осы жолбағытпен жүретін пойыздың купе вагонының бағасынан да арзанырақ болып шықты. Мұндай жағдай экономикалық қисынсыздық», деді Н.Алдабергенов және БЭК елдері азаматтары үшін болашақта авиа- және теміржол тасымалдарына бірыңғай ақылға қонымды тариф белгіленетініне сенімін білдірді.