Көбісі балалар: Қазақстанда қызылша жұқтырғандар саны артты

Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың сөзінше, елімізде қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделене түскен.

Сырқаттанғандардың дені -балалар. Олар қызылшаға қарсы жоспарлы екпе салдырмаған.


“Бүлдіршіндердің қызылшамен ауырған науқастар арасындағы үлесі 72% болса, оның 60%-ының ата-аналары вакцинациядан бас тартқан. 20%-ының егуге медициналық қарсы көрсетілімі болған, қалған 20% егу жасына жетпегендіктен алмаған”, - деп атап өтті вице-министр.