Көгілдір гауһар тас рекордты сомаға сатылды

Oppenheimer Blue көгілдір гауһар тасы Женеваның Christie’s аукционынан сатылып кетті. Бұл асыл тас 57,5 млн АҚШ долларына сатылды, делінген аукционның твиттердегі парақшасында.  Салмағы 14,62 карат болатын Oppenheimer Blue аукционның бүкіл тарихында ең қымбатқа өткен гауһар тас болды. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Кристис аукционында ең қымбат баға - 48,4 миллион доллар Blue Moon of Josephine гауһар тасы үшін төленген еді.