Өрт бірнеше нысанға таралған. Киім-кешек дүкендерімен қоса, шаштараз бен бір-бірімен жапсарлас орналасқан дәмханалар да түгі қалмай жанып кетті. Маңайдағы тұрғын үйлер де көк түтіннің астында қалды. Тауарлары үшін жанұшыраған саудагерлер шелекпен де су тасып, өртті сөндірмек болды. Алайда, қызыл жалын санаулы минуттарда-ақ бүкіл ғимаратты ішіндегі затымен қоса күл-қоқысқа айналдырды. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.