Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан "көк"статусы бар болған кезде қонақүйлерге, әуежайларға, теміржол, автовокзалдарға, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына, "Қазпошта" АҚ бөлімшелеріне, банктерге, асханалар түріндегі қоғамдық тамақтану объектілеріне, жабық базарларға, білім беру ұйымдарына, СПА-орталықтарға, сән салондарына, облысаралық, облысішілік, қалалық тасымалдауларға шектеусіз кіруге рұқсат етіледі", – деді Ажар Ғиният.
Оның айтуынша, "көк" статусы бар келушілердің кіруіне рұқсат берілген бірқатар нысандар үшін "жасыл" аймақта шектеулер алынып тасталады.
"Сары" аймақта 70 пайызға дейін, "қызыл" аймақта 60 пайызға және мейрамханалар, мәдени объектілер, балалар мен ересектер үшін сауда, және ойын-сауық орындары бойынша толымдылық ұлғайтылды.
"Елімізде пандемияның бүкіл кезеңінде бизнестің барлық саласында карантин шараларының мұндай кең ауқымды жеңілдіктері болған жоқ", – деді министр.