Caravan Logo

Кокаиннің 76 капсуласын жұтып алған азамат ұшаққа отырар сәтте көз жұмды

Кокаиннің 76 капсуласын жұтып алған азамат ұшаққа отырар сәтте көз жұмды

Полицияның мәліметтерінше, шетелдік азаматтың асқазаны ауырып, күту залынан асығыс шығып кеткен.

47 жастағы нигериялықтың мүрдесін әуежайдың күзет қызметі тапты. Аутопсияны өткізу нәтижесінде оның тасымалдап жүрген, өлімге соқтырған жүгі туралы белгілі болды.

Дәрігерлердің пікірінше, оның өліміне кокаин капсулаларының жеткіліксіз бітелуі себеп болды. Олар асқазанның ішінде «балқып», ішіндегі заттың төгілуіне соқтырған. Өз тауарынан өзі уланған қылмыскердің тұлғасы туралы ештеңе хабарланған жоқ. Оның тек Мароккоға Катардан келгені, африкалық Бенин мемлекетіне жол жүрмекші болғаны ғана белгілі.