Көкарал бөгетін тұрғызған ресейлік акционерлік қоғамның бас есепшісі салық төлеуден жалтарған күдікті ретінде танылып отыр

""Зарубежводстрой"АҚ-ның бас есепшісі Людмила Косидидің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің "ұйымның салық төлеуден жалтаруы" жөніндегі 222-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне қаржы полициясының штаб бастығы Бақытжан Ниязов. Оның айтуынша, Ресей азаматшасы "2003-жылдың наурыз айы мен 2007-жылдың қаңтар айлары аралығында жасанды құжаттардың көмегімен салықтан жалтарған" күдікті деп танылған. Қаржы полициясының ақпаратына сәйкес, бас есепшінің заңсыз әрекеттерінен Қазақстанның бюджеті 9 млн 312 мың 902 теңгеден қағылған.

Қазір күдіктіден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті