Алайда бұл тізімге жұртты қан қақсатқан Көкпектідегі дамба кірмей қалған. Себебі, жекенің меншігіне қол сұға алмаймыз деп шенеуніктер ат-тондарын ала қашуда. Егер, өздері берсе, алуға сақадай сай тұрмыз дейді. Ал мемлекет меншігіне алынатын тоғандарда бірден жөндеу жұмыстары жүргізілмекші. Ол үшін тағы қыруар қаржы бөлінгелі отыр. Өйткені Қарағанды маңындағы санаулы дамбаның өзін жөндеуге төгіліп жатқан теңге аз емес екен.
Шагурашид Мамалинов Қарағанды облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
-17 су қоймалары бар. Ол үлкен үлкен Федоровский, Саранский сосын Ботақарадағы. Ботақарадағы көлемі 30 миллион куб. Оған 2012-2013 жылы облыстық бюджеттен 230 миллион теңге бөлінген. Оған жөндеу жасалды.