«Бөгетті бұзып, Көкпекті ауылын су басты деген хабарды ести сала, көкпектіліктерге Ішкі әскердің «Орталық» РМК 5451 әскери бөлімінің 200 әскери қызметшілері мен 10 бірлік техника дереу көмекке жетті. Ішкі әскердің жиынтық жасағының жеке құрамы апат салдарын жоюға қажетті барлық керек-жарақтармен, арнайы қорғау жабдықтарымен сақадай-сай келді. Әскерлер адамдар мен көліктерді судан алып шығып, аула мен көшелерді тазалауға, сонымен қатар елді мекенді торуылдауға жұмылдырылды», делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі уақытта су тасқынының салдарын жою бойынша жұмыстар жалғасын табуда.