Бұл орталықты қазақстандық «Артек» деп атайды.
«Біз 50 оқушыны Ақмола облысының Бурабай ауданында орналасқан үздік республикалық оқу-сауықтыру орталығына жібердік. Жолдамаларға байланысты сұрақтарды Қарағанды облысының білім басқармасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен шешті», - делінген хабарламада.
Орталықта балалар тек денсаулықтарын түзеп қана қоймай, психологиялық көмек те алады. Мектеп оқушылары «Балдәуренде» екі апта болады.
Аудандық билік өкілдерінің айтуына қарағанда, жазда сауықтыру орталықтарына арналған жолдамаларға тағы 28 жас көкпектіліктер ие болмақ.
Еске сала кетейік, 31 наурыз күні түнде бөгеттің жарылуына байланысты Көкпекті ауылында 300-ден астам үй су астында қалған, оқиға салдарынан 5 адам қаза болып, зардап шеккен 12 адам ауруханаға жатқызылды.
Қаза болғандардың отбасына 1 млн. теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
Үкіметтің қаулысымен ТЖ бойынша министр Владимир Божконың төрағалық етуімен апаты жағдайды зерттеуге арналған ведомствоаралық комиссия құрылды.
ТЖ-ға байланысты су қоймасын жалға алушы мен бөгет иесіне қатысты қылмыстық істер қозғалды. Облыс прокуратурасының ақпараты бойынша қазір бірқатар адамға айып тағылды.