деп хабарлады облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.
"Аймақ басшысы істелген жұмыс туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаевтың баяндамасын тыңдады, ол бес үйдің пайдалануға 15-тамыз күні, 18 үй – 20 тамыз күні және 26 үй - 25 тамыз күні берілетіндігін айтты", делінген хабарламада.
Әкімшіліктің деректеріне қарағанда, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін белгіленген мерзімде аймақтағы бар күш пен резерв пайдаланылған.
Қолданылған шаралардың арқасында бүкіл қаржы мәселелері шешілген, мердігерлік 10 ұйым жұмыс істеуде, жұмысшылардың саны соңғы айда 4 есеге артты, яғни 100 адамның орнына қазір 400 адам жұмыс істеп жатыр.
Хабарламада атап өтілгендей, нысандар жақсартылған сәулеттік-құрылыс шешімге орай салынуда.
"Адамдар үйлерін белгіленген мерзімде алуға тиіс және жұмыс сапасына қатаң көңіл бөлу керек", деді Н.Әбдібеков, оның сөздері хабарламада келтірілген.
Алдында Көкпекті селосының зардап шеккен тұрғындары үшін үйлері 1-қыркүйекке қарай салынып бітеді, деп көзделген болатын.
Бұған дейін белгілі болғандай, 31-наурызға қараған түні Көкпекті су қоймасының плотинасы жарылып, соның салдарынан бес адам қаза болған. Селодағы 810 үйдің 300-ден астамына су жайылған, 49 үй апат жағдайында деп танылған, 273 пәтер жөнделуге тиіс болатын.