делінген облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен таралған хабарламасында.
Құрылысты Қарағанды облысының басшысы Бауыржан Әбдешев бастап берді,ол алдында техникалық төлқұжатпен танысып, село тұрғындары және студенттік құрылыс отрядының өкілдерімен сөйлескен болатын.
"Сосын үйлердің іргетасын қалау жұмыстары басталды. Рәсімге Бұқаржырау ауданының жұртшылығы, студенттік құрылыс отрядтары мен "Жасыл ел" жастар еңбек отрядтарының өкілдері қатысты", делінген онда.
Б.Әбдешовтың айтуына қарағанда, селода жалпы алаңы 3740 шаршы метр 57 пәтерге 50 үй салынбақ
Тұрғын үйлердің сметалық құны шамамен 300 млн теңге.
Құрылысты биылғы жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау көзделген, бас мердігер - "Аспап" компаниясы.
Алдында белгілі болғандай, 31-наурызға қараған түні Көкпекті су қоймасының плотинасы жарылған. Соның салдарынан селодағы 810 үйдің 300-ін су басып қалған. Бес адам қаза болды.