Көкпектіде жаңа үйлер салынып бітті

Ауылдағы су шайған 49 үйді қалпына келтіру үшін облыс бюджетінің қосалқы қорынан 300 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Ал жаңа салынған үйлерге инфроқұрылым жүйесін кіргізу аудандық бюджетке жүктеліпті. Қуаныштарында шек жоқ су жаңа үйдің қожайындары меймандарды құшақ жая қарсы алып, алғыстарын аямады. Шенеуніктер бақытқа бөленген шаңырақтардан дәм ауыз тигенімен, ауылдағы құрылысы аяқталмаған мынадай үйлерге бас сұқпады. Бірақ ұсақ-түйек шаруалары қалған баспаналарға суық түскенше ел кіріп болады деп сендіріп отыр.  


Асхат Әли, Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары:

-Кейбір үйлерге толық кірді үй иелері. Ал қалған мұндай үйлер төрт бесеу, жұмыстар аяқталуда. Мысалы линолеум салып беру, тоғын жалғап беру. Осындай шамалы жұмыстар қалды