Көкпектідегі апатқа айыптылардың аты аталды

Кінәсі дәлелденсе әрқайсысы 5 жыл арқалауы мүмкін. Ал әзіргеауыл әкімі Бақытжан Смайылов пен басқарма бастығы Ришат Жантөлеков қолхатпен бостандықта жүр. Сонымен қатар қылмыстық жауапкерлікке бөгетке иелік ететін Шаңырақ серіктестігі мен су қоймасын жалға алып отырған Табиғат компаниясының басшылары да тартылмақ. Біріншісі дамбаның жағдайына бас ауыртпаса, екіншісі қоймадағы суды көбейту үшін бөгеттің қабырғасын көтерген. Дегенмен Көкпектіні жалға алған кәсіпкер дамбаның апатты жағдайда екенін жылдар бойы айтып та, жазып та жүргенін дәлелдеген. Бірақ оған қожайыны құлақ аспай, шенділер де пысқырып қарамаған.


Алмас Абдақасов, Қарағанды облысы прокурорының көмекшісі:

-Айтып жатыр ғой хат хабарлама жібергенбіз, арыздар жазғанбыз деп. Сол кезде кім басшы болғанын, оның барлығы анықталады тексеріледі. Мүмкін жаңағы күдіктілердің саны өзгеруі мүмкін.