Көкпектідегі тасқыннан қаза тапқандар жер қойнына тапсырылды

Евдокия мен Виктор Ромащенколар үйді сең соққанда шырт ұйқыда жатқан екен. Жалма-жан қашуға қам жасағандарымен есік алдында тұрған көлікке отағасы ғана жетіп үлгеріпті.

Виктор Ромащенко Көкпекті аулының тұрғыны: 

-Мұз ба әлде тасқынның күші ме, Евдокияны тура көліктің жанында жұлып әкетті. Көліктен қайта шығуға тырысқаныммен судың ішінде есік сыртқа қарай ашылмады. Көліктің ішіне де су кіріп тамағыма дейін көтерілгенде ұлым келіп құтқарып алды.

Ал Дмитрий Скибицкийді туыстары ерлікпен қаза тапты дейді. Тасқын су үйге лап қойғанда жігіт бірінші анасын, сосын апасы мен екі баласын мына терезені сындырып тысқа шығарып үлгеріпті. Бірақ өзі ажал құшқан. Марқұмның туыстары мен көршілері апаттың болатынын естісек мұндай сұмдық болмас еді деп отыр.  

Бақыт Ермағамбетова, Көкпекті ауылының тұрғыны:

-Естіген жоқпыз. Естісек өзімізді өлімге қиып , дүниемізді қиандыға айналдырамыз ба? Қызы шықты көмектесіңіз деп.  Аяғында дым жоқ. Дима тұншығып өліп қалды дейді.  

Қаза тапқандардың барлығы бүгін жерленді. Енді  марқұмдардың  туыстарына уәде етілген 1 млн теңге  жақын күндері үлестіріледі дейді биліктегілер. Ал ауылда жұмыс істеп жатқан 900 адам 600 тоннаға жуық күл қоқысты жинап шығарған. Бүгінгі деректер бойынша қырылған малдың саны да 500-ге жетіпті. 200 баспананың жертөлесінен су сорылып, қараңғыда қалған 3 көшеге бүгін ертең жарық берілмек.     


-Қазір мен Қарағанды көшелерінің бірінде тұрмын. Кейбір жерде тізеден келетін, айналасы бірер сағаттың ішінде жайлып кеткен мына судың қайдан келіп жатқанын тұрғындар  білмей дал. Бірақ олар еріген қар суының қарқыны мұндай болмайтыны бірауыздан айтады. Ал жалпы Қарағанды облысы бойынша Бұқар жырау, Осакаровка және Нұра аудандарында  ауылдарға су кіріп жатқаны туралы мәліметтер сағат санап түсіп жатыр