Ауыл мен саяжайларды байланыстыратын көпірдің қирағанына осымен екі ай болған. Қауіпті өткелден зорға өтетін жүргізушілер қоршалмаған шұңқырларға құлап түсеміз деп алаңдайды. Ал жергілікті халық жауапты мекемеге қанша шағымданғанымен мәселені қолға алатын жан табылмаған сыңайлы.
Сұрыптау елді мекеніндегі зират пен саяжайға қатынайтын көпірді Көкпектіде болған су тасқыны шайып кеткен. Талай мекеменің табалдырығын тоздырған тұрғындар шенеуніктерді халықтың көпірдің сынықтары арқылы шұңқырлардың тап шетімен қатынайтыны алаңдатпайтынына наразы.
«Су тасқыны болғаннан кейін осындай жағдай болды. Оның екі жағы да машинамен жүруге жарамайды», - саяжай тұрғыны Исабек Рысбек.
Ал биліктегілер оның жергілікті әкімшіліктің қарамағында еместігін алға тартып, қираған өткелдің тек демеушілердің қаражатына ғана жөнделетінін айтады.
«Бұл көпірді біз толығымен зерттедік. Аталмыш өткел жол бойында орналасқандықтан, оның айналасында біраз жөндеу шаралары жүргізіледі. Жақын күндері ұсақ тас төселетін болады. Ал көпірдің өзіне біз тиіспейміз», - дейді Қарағанды қаласы автомобиль жолдары секторының меңгерушісі Қайрат Теміржанов.
Зират пен саяжайға апаратын жалғыз көпірді жөндеуге демеуші табыла ма жоқ па әзірге беймәлім болса да, көмек сұрап шыққан жұрт қарап отырмақ емес, деп хабарлайды 31.kz.