Көкпектіні титықтатқан тасқын Павлодар облысына да жетті

Ең үлкен қауіп 700 түтіні бар Қара ащыға төнді. Сондай-ақ, алшақтау жатқан Теңдік ауылының жұрты да үрейленіп қалған. Өйткені, суы ернеуінен асқан Қаратоқа мен Ақжар  бөгеттері бұл елдімекендерден 30-ақ шақырым жерде орналасқан. Апаттың алдын- алуға жұмылдырылған 6 техникамен бөгеттер салынып, 400-ге жуық құм толы қаптар қойылды. Енді  тасқынның екпіні ауыл-аймақтарды айналып өтіп, өзен қоймаларға құйылады. Аудан әкімі  «апат болмайды» деп сендіріп отыр. 


Ернұр Әйткенов, Баянауыл ауданының әкімі:

«Ақжар платинасын бақылауда ұстап отырмыз. Сол үшін, қазір платинада бір жағдай болса да, осы су біздің дамбадан аспайды. Қара ащыға су кірмейді.»