" Бүгінгі кезде біз жұмысшылар қалашығын, сумен қамтамасыз ету, электр қуаты желісі мен техникалық жағдайларды анықтап жатырмыз", - деп хабарлады Т. Баймолдаев.
"Қазселден қорғау" жетекшісі айтқанындай, Көксарай су қоймасының құрылысы қарқынды жылдамдықпен жүргізіледі. Биліктегілер үлкен көлемде құрылыс күштерін жұмылдырмақшы. ҚР ТЖМ құрылыс жұмыстарын бақылайтын болады.
Т. Баймолдаев сондай-ақ, контррегулятордың техникалық параметрлерін хабарлады. Жоба бойынша су қоймасының тереңдігі 6,5 метрді құрап, 44 шақырымға созылатын бөгенмен қоршалатын болады. Алдын ала мәліметтер бойынша Көксарайда шамамен 3 млрд текше метр көлемінде суды сақтауға болады.
"Су қоймасы су тасқыны болған кезеңде 1,5-2 ай бойы жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында ол сумен толтырылып, кейін Сырдарияның сағасына тасталып отыратын болады ", - деп хабарлады Т. Баймолдаев.